Skip to content

Бүгін №12 орта мектебінде “Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы…

Бүгін №12 орта мектебінде
“Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары” тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
Кеңесті ашқан мектеп директоры А.С. Нукусова ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алда тұрған маңызды міндеттер мен жаңа оқу жылына қойылатын талаптар жөнінде бағыт-бағдар берді. Ол білім сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие жұмысын жетілдіру сынды басымдықтарға ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, педагогикалық ұжымға биылғы жылы жаңадан қосылған жас мамандар таныстырылып, олардың алдағы жұмысына сәттілік тіленді. Ұстаздар қауымы жаңа бастамаларға бірауыздан қолдау білдіріп, оқу жылының нәтижелі болуына күш салатынын жеткізді.
Жиын барысында түрлі ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылып, алдағы оқу жылындағы жұмыс жоспары бекітілді. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @orleu_aqtobe

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *