Бос жұмыс орнына педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау
ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының
(15.08.2023 жылғы №259 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
• Бос жұмыс орны туралы «enbek.kz» сайтына жарияланған;
• Информатика пәнінің мұғалімі қазақ – орыс тілдерін еркін меңгерген 2 мұғалім қажет. Тұрақты және декреттік демалысқа кеткен негізгі қызметкердің орнына;
• Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі орыс кластарына декреттік демалысқа кеткен негізгі қызметкердің орнына.
Мектептегі бос лауазымдар туралы «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізілетінін хабарлаймыз. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 118-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдай алады.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
Жалғасы төменде⬇️