Skip to content

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ…

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА
мектебімізде 9–10 сынып оқушылары арасында қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шыдамдылық пен тапқырлыққа тәрбиелеу, салауатты бәсекелестік орта қалыптастыру болды. Оқушылар ойын ережелерін сақтай отырып, өзара тартысты, қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Шара барысында ұлттық ойындардың жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, тарих пен дәстүрге деген құрмет сезімін қалыптастыратыны ерекше атап өтілді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
@aqtobe_bilim_bolimi
#СЫБАҒААҚТӨБЕ2025
#ТоғызқұмалақТурнирі
#ҰлттықОйын
#ЗияткерҰрпақ
#БілімдіЖастар

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *