БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА «Жыр мұрасы – рухани қазына» тақырыбында 9 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, халық ауыз әдебиеті мен жыр-дастандардың тәрбиелік маңызын дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау болды.
Қатысушылар қазақ халқының бай жыр мұрасы, батырлық дастандары, терме-толғаулары туралы ой толғап, ұлттық мәдениетке деген құрметі мен сүйіспеншілігін эссе арқылы жеткізді. Оқушылардың еңбектері мазмұндылығымен және терең ойымен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Бұл іс-шара оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
@aqtobe_bilim_bolimi
#СЫБАҒААҚТӨБЕ2025 #Ұлттықдәстүрлер #Жырмұрасы #Руханиқазына #ЭссеБайқауы #9сынып #Ұлттыққұндылық #Қазақмәдениеті #Руханижаңғыру #Мектепөмірі
