БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША «Киіз басу-көнеден жеткен өнер» тақырыбында Айшат Зейнуллақызы практикалық көрсетілім өткізді . Оқушыларға киіз басудың негізгі әдістерін, оның түрлерін және әрбірінің мағынасын түсіндіріп, практикалық көрсетілім ұйымдастырды. Балалар өз қолдарымен жұмыс жасап, ұлттық өнердің құндылығын сезініп, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Мұндай іс-шаралар оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оларды өз мәдениетіне қызықтыруға, дәстүрді құрметтеуге үйретеді.
@aqtobe_bilim_bolimi #СЫБАҒААҚТӨБЕ2025
#Мәдениет #Дәстүр #КиізБасу #ҚолӨнер #ҰлттықӨнер #Шығармашылық #Білім #Мұра #ҰрпаққаЖету
