Skip to content

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ…

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША «Ұлттық киім – мәдениеттің айнасы» тақырыбында Жұлдыз Муратқызының жетекшілігімен 6«Б» сынып оқушылары әсерлі флешмоб ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін – камзол, сәукеле, тақия, шапан, бешпет сияқты ұлттық киімдерді киіп, олардың мән-мағынасы мен тарихын көрсетті. Флешмоб ұлттық нақыштағы әуендермен сүйемелденіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара арқылы оқушылар ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге деген құрметін арттырып, ата-баба мұрасын ұлықтаудың маңызын түсінді.
Флешмоб білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін нығайтуға зор үлес қосты.
@aqtobe_bilim_bolimi #СЫБАҒААҚТӨБЕ2025
#ҰлттықКиім
#СыбағаФестивалі
#ҰлттықМәдениет

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *