Бас прокуратурада Шымкент қаласыпрокуратурасының отандық IT-әзірлеушілермен бірлесіп құралған есірткі қылмысына қарсы күреске арналған екі инновациялық құрал – «CryptoTrace» және «ProkAi» таныстырылды.
Екі жоба да Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» идеологемасын қоғамда ілгерілету шеңберінде өтеусіз негізде іске асырылды және прокуратураның теңгеріміне берілді.
«Crypto Trace» – бұл жаңа буынның іздеу жүйесі, ол желідегі транзакцияларды талдауға және есірткі бизнесінің ақшасын анықтауға көмектесетін.
«ProkAi» – интернеттегі есірткі саудасын анықтауға қабілетті интеллектуалды платформа.
Жасанды интеллект 24/7 жұмыс істейді және кәсіби маманға қарағанда ондаған, тіпті жүздеген есе көп іздеу операцияларын орындауға қабілетті.
«ProkAi» чат-боты жұмыс істеген үш айдың ішінде 2 000-нан астам дропперлер шоты анықталды.
Бағдарлама қылмыскерлерден алынған SimBox құрылғыларының көмегімен есірткі дүкендерінің жүздеген нөмірлеріне қосылады және қылмыстық шоттардың кең ауқымын қамтамасыз етеді.
@aqtobe_bilim_bolimi

