Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру ұйымдарының жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.
Қала сыртындағы орындарының негізгі міндеттері – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етіп, олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталады.
12 орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру мақсатында мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін жолдама беріледі. Лагерь маусым айында өткізілу жоспарланып отыр. Мектеп жанындағы лагерьге 30 бала және қала сыртындағы жазғы демалыс лагерьлеріне 8 баланы жіберуді жоспарланып отыр.
#летнийлагерь
#жазғыойыналаңы
