Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Бұл мәселеге біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізеді. Сол мақсатқа сәйкес 2025 жылдың 22 сәуірінде бракераж комиссия мүшелері тексеріс жүргізді.
Тексеру мақсаты: 2024-2025 оқу жылында асхананың тамақ дайындалуы ас мәзіріне сай болуын қадағалау, тағамның нормаға сай болуы, күнделікті асхана тазалығын тексеру. Асхана жұмыстарын тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінң дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың мөлшері, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде қаралды. Тексеру барысында төмендегі жағдайлар анықталды:
– Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары орындалған.
– Күнделікті мәзір перспективалық мәзірге сәйкес.
– Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталған.
– Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы анықталмады.
– Асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі талапқа сай.
– Асхананы жуу және өңдеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайлардың болуы, тазалау кестесінің болуы талапқа сай.
– Ас мәзірінің кестесі мектеп мөрімен бекітілген, тамақ салмағы көрсетілген.
Қорытындылай келе, комиссия мүшелері мектеп асханасының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы мен тамақ сапасы қанағаттанарлық деңгейде деген шешімге келді.
