Skip to content

Азаматтық қорғаныс айлығы аясында “#12 орта мектеп” КММ- де 8-класс…

Азаматтық қорғаныс айлығы аясында "#12 орта мектеп" КММ- де 8-класс білім алушыларына "Қызыл ай" қоғамының Ақтөбе филиалының маманы – Тәжібаева Зәмзагүл "Алғашқы көмек көрсетуді үйрету" тақырыбында дәріс оқыды.
📌 Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
#азаматтыққорғаныс
#алғашқыкөмек🏥🚑☺
#перваяпомощь
@aktobe_redcrescent
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *