Ата-аналар назарына!!
✅ Ақтөбе қаласының білім бөлімі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы ❗1 сәуірден бастап жаңа 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды.
📌 Білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб – порталы арқылы жүзеге асырылады.
– порталға:⤵️
– ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
– "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
– баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
❗Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 31 тамызында аяқталады.
📧Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 31-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.