«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі қауіпсіз іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында балабақша бітірушілері мен 4, 9, 11 сынып түлектеріне арналған 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау және өзге де мерекелер мен мектепішілік іс-шараларға байланысты мына жағдайларды ескертеді❗
✅ЕРЕЖЕ:
🔴Сыйлықсыз немесе ақшасыз алғыс айтуға тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
🔴Іс-шара кезінде балабақша, мектеп аумағында рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынады.
🔴Тәрбиешілер мен сынып жетекшілер әр баланың қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болуы қажет.
🔴Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдану, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеу, шектеулі болады.
🔴Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) – жол берілмейді.
🔴Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б) алдымен мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.
❌ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔷4, 9,11 сынып оқушыларынан мектеп әкімшіліктеріне орай ақша жинауға;
🔷Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға;
🔷Білім беру ұйымдары мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
🔷Білім беру ұйымдарының жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға;
🔷Отшашу, фейерверк, автокөлік шеруі сияқты қауіп тудыратын әрекеттерді ұйымдастыруға;
🔷Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге;
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
✅ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
☑Балабақша түлектерінің шарасына тек баланың заңды өкілі қатыса алады;
☑«Соңғы қоңырау» шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;
☑Барлық білім алушыларға қауіпсіздік ережелері алдын-ала таныстырылады;
☑Сынып жетекшілер іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды;