Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегі күні «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында мектептің педагогикалық ұжымымен өткізілген жиналыстың күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мәселесі талқыланды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы алдын алу шаралары мен 10 минуттық қауіпсіздік сабақтарының жүзеге асырылуы және сапалы өткізілуі туралы айтылды. Бала өмірінің қауіпсіздігін сақтау төңірегінде маңызды ақпараттар берілді.
@aqtobe_bilim_bolimi #біртұтастәрбие
