Skip to content

Жасөспірімдердің ерте жүктілігінің алдын алу Кәмелетке толмағандардың ерте жүктілікке жол…

Жасөспірімдердің ерте жүктілігінің алдын алу
Кәмелетке толмағандардың ерте жүктілікке жол бермеу шаралары және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында 12.03.2025 жылы мектеп психологтары Курамысова Н. Ж. Маликовна Г.М. мен мектеп медбикесі Сәрсенова М.Н. әлеуметтік педагог Докина С.К. №3 БП акушер-гинекологы Мурзабекова Акбота Тугельбаевна шақырылды, ол 8-11 сыныптар арасында жастарды салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарға баулуға бағытталған “ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс әңгіме түрінде өтті.
Әңгіме мақсаты: ерте интимдік қарым-қатынастардың денсаулыққа және жас жанға қалай теріс әсер ететіндігі туралы ойлау, жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасындағы әл-ауқат пен бақытқа, жауапты ата-анаға деген құнды көзқарасын қалыптастыру, ерте интимдік байланыстар мен жасөспірімдердің қалаусыз жүктілігінің, түсік түсірудің алдын алу, өздерінің репродуктивті денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Ерте ана болу-өткір әлеуметтік мәселе.
@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *