Skip to content

Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Бұл мәселеге…

Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Бұл мәселеге біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізеді. Мектеп асханасының тамақтандыру сапасын және асхананың санитарлық эпидемиологиялық жағдайын қадағалау мақсатында айына бір рет бракераждық және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия тексеріс жүргізіп отырады. Сол мақсатқа сәйкес 2025 жылдың 20 наурызында бракераж комиссия мүшелерімен бірге тексеріс жүргізді. Тексеру мақсаты: 2024-2025 оқу жылында асхананың тамақ дайындалуы ас мәзіріне сай болуын қадағалау, тағамның нормаға сай болуы, күнделікті асхана тазалығын тексеру. Асхана жұмыстарын тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың мөлшері, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде қаралды.
Тексеру барысында төмендегі жағдайлар анықталды:
– Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары орындалған.
– Күнделікті мәзір перспективалық мәзірге сәйкес.
– Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралықты сақталған.
– Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы анықталмады.
– Асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі талапқа сай.
– Асхананы жуу және өңдеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайлардың болуы, тазалау кестесінің болуы талапқа сай.
– Ас мәзірінің кестесі мектеп мөрімен бекітілген, тамақ салмағы көрсетілген.
Қорытындылай келе, комиссия мүшелері мектеп асханасының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы мен тамақ сапасы қанағаттанарлық деңгейде деген шешімге келді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *