Цифрлық қауіпсіздік – бала қауіпсіздігінің кепілі
Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау тақырыбында Камила Аманжоловна мен Гульнар Еламановнаның ұйымдастыруымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасы аясында жиналыс өтті.
Жиын барысында ата-аналарға балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқауіптердің алдын алу, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және онлайн ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды.
Кездесу ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттырып, бала қауіпсіздігін бірлесіп қорғаудың маңызын көрсетті.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ЦифрлықҚауіпсіздік #БалаҚауіпсіздігі
#ОнлайнҚорғау #АтаАнаҚолдауы
#ПедагогикалықҚолдау #КиберҚауіпсіздік
