Skip to content

Бүгін №12 орта мектебінде әдістемелік бірлестік жетекшілерімен алғашқы әдістемелік кеңес…

Бүгін №12 орта мектебінде әдістемелік бірлестік жетекшілерімен алғашқы әдістемелік кеңес өтті.
Кеңесте 2025–2026 жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары қаралып, нұсқаулық-әдістемелік хат зерделенді.

Кеңестен кейін әдістемелік бірлестік жетекшілері өз әріптестерімен жиналыс өткізді. Жиын барысында мұғалімдер пәндеріне қатысты нұсқаулық-әдістемелік хатты жан-жақты талқылап, алдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарларын бекітті.

Мұндай бірлескен жұмыс педагогикалық ұжымға жаңа оқу жылына жүйелі түрде кірісуге, негізгі міндеттерді айқындауға және оларды жүзеге асыру жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

#12ОртаМектеп #МектепЖаңалықтары #ӘдістемелікКеңес #Білім

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *