2 қыркүйек – «Білім күні» қарсаңында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған кең ауқымды интерактивті дәрістер ұйымдастырылды. Іс-шараға тәжірибелі дәрігер-наркологтар, Полиция департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері қатысты.
Дәрістер барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, зиянды әдеттердің адам денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсерлері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, балаларға нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, есірткінің қауіптілігі туралы бейнематериалдар көрсетілді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай бастамалар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың санасында қауіпсіз және салауатты қоғам құруға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. #нашақорлық2525ақтөбе


