Мектебімізде Білім күніне орай бастауыш сыныптарда “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында бірыңғай класс сағаттары өтті.
Сабақ барысында сынып жетекшілері оқушыларға еліміздің әсем табиғаты, тарихы, мәдениеті мен мемлекеттік рәміздері жайлы қызықты мәліметтер ұсынды.
Балалар туған жер туралы өлеңдер оқып, әндер айтып, суреттер арқылы Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Көрнекіліктер мен бейнероликтер көрсетіліп, танымдық ойындар мен сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Бұл шара жас буынның бойында патриоттық сезімдерді қалыптастырып, туған елге деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы












