Мектебімізде Білім күніне орай жоғары сыныптарда “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында бірыңғай класс сағаттары өтті.
Сабақ барысында сынып жетекшілері оқушыларға еліміздің әсем табиғаты, тарихы, мәдениеті мен мемлекеттік рәміздері жайлы қызықты мәліметтер ұсынды.
Көрнекіліктер мен бейнероликтер көрсетіліп, танымдық ойындар мен сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Бұл шара жас буынның бойында патриоттық сезімдерді қалыптастырып, туған елге деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталды.@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi







