Skip to content

Бүгін мектебімізде “Отаным – Қазақстаным” атты бірыңғай сынып сағаттары аясында…

Бүгін мектебімізде “Отаным – Қазақстаным” атты бірыңғай сынып сағаттары аясында қауіпсіздік сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға өз елін сүю, туған жерін қадірлеу және қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы түсініктер берілді.
Бастауыш сыныптарда “Полиция және балалар” айдарымен қызықты да пайдалы шара ұйымдастырылды. Оқушылар жол қауіпсіздігі, тәртіп сақтау мәдениеті туралы мағлұмат алып, өз ойларымен бөлісті. Балалар жол белгілері мен қауіпсіздік ережелерін үйреніп қана қоймай, түрлі боямақтар арқылы алған білімдерін бекітіп, өз шығармашылығын көрсетті.
Бұл шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып қана қоймай, олардың күнделікті өмірде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *