Skip to content

📚 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күніне орай мектебіміздің…

📚 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күніне орай мектебіміздің кітапханасында мерекелік кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің әдеби мұралары, қазақ тілінің байлығы мен тарихын паш ететін құнды еңбектер, сөздіктер мен энциклопедиялар, балаларға арналған түрлі-түсті кітаптар қойылды.
Бұл көрменің мақсаты – оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілінің қадірін ұғындыру және еліміздегі тілдік әралуандылықты насихаттау.
Іс-шара барысында кітапханашылар қызықты мәліметтермен бөлісіп, оқушыларды кітап әлеміне саяхат жасатты. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *