Skip to content

🍂 Күзгі бал – 5–8 сыныптар арасында! 🎉 Бүгін №12…

🍂 Күзгі бал – 5–8 сыныптар арасында! 🎉

Бүгін №12 орта мектебінде 5–8 сынып оқушыларының қатысуымен “Күзгі бал” байқауы өтті! 🌻
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұжымдық рухты нығайту. 💫

Оқушылар күздің әсем келбетін би, ән, көрініс және сәнді костюмдер арқылы керемет түрде бейнеледі. 🍁 Әр сынып өз ерекшелігін танытып, көрермендерге қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 🌟

Байқау барысында үздік номерлер мен ерекше образдар жоғары бағаланып, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. 🏆

Барлық оқушылар мен ұстаздарға белсенді қатысқандары үшін үлкен алғыс! 💛
@aqtobe_bilim_bolimi
#КүзгіБал #12мектеп #АлтынКүз #ШығармашылықБәйге #БалаҚуанышы #МектепӨмірі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *