🍂 Бүгін мектебімізде өткен күзгі қолөнер көрмесінің қорытындысы шығарылды!
Барлық сынып оқушылары өздерінің ерекше ой-қиялымен, еңбекқорлығымен және шығармашылық шеберлігімен көзге түсті. 🌾
Әрбір жұмыс — күздің сұлулығын, табиғаттың байлығын және балалардың қиялын бейнелеген нағыз өнер туындысы болды. 🍁
Әрине, бірінен бірі өтетін әдемі жұмыстарды салыстыру оңай болмады, дегенмен қазылар алқасы әділ шешім қабылдап, ең ерекше, ұқыпты және мазмұнды жұмыстарды марапаттады. 🏆
Бүгінгі күн балалардың шабытын арттырып, жаңа идеяларға жол ашты! 💫
Барлық қатысушыларды еңбектерімен құттықтаймыз! 👏
@aqtobe_bilim_bolimi
#КүзгіҚолөнер #ШығармашылықКөрме #МектепӨмірі #КүзМезгілі #ӨнерліОқушылар
