Skip to content

⚠️ Алаяқтан сақтаныңыз! Бүгінде интернет арқылы алдаудың түрі көбейді. Алаяқтар…

⚠️ Алаяқтан сақтаныңыз!

Бүгінде интернет арқылы алдаудың түрі көбейді. Алаяқтар «жеңіл табыс табасың», «көмектесеміз», «картамен азғана операция жаса» деп сенімге кіріп, адамдарды қылмысқа тартады. 💳

Бір қарағанда зиянсыз ұсыныс сияқты көрінгенімен, мұның артында қаржылық алаяқтық тұруы мүмкін. Мұндай әрекетке қатысқандардың картасы бұғатталып, өздері де жауапқа тартылуы ықтимал.

Есіңізде болсын:
🔒 Банк картасының деректерін, кодтарын ешкімге беруге болмайды.
📞 Күмән туса – ата-анаңызға, банкке немесе полицияға хабарласыңыз.
👨‍👩‍👧 Ата-аналар, балаларыңызға интернет қауіптері туралы жиі ескертіңіз.

Қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда. Алаяққа сеніп, өміріңізді тәуекелге тікпеңіз!
@aqtobe_bilim_bolimi
#АлаяқтанСақтан #КиберҚауіпсіздік #ЗаңменТәртіп #БалаҚауіпсіздігі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *