Мектебімізде Парламенттің кезекті жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында алдағы тоқсанда жүзеге асырылатын мақсаттар, жобалар мен атқарылатын жұмыстар талқыланды. Әр бағыт бойынша ұсыныстар айтылып, жаңа идеялар мен бастамалар қарастырылды.
Мұндай отырыстар — мектеп өмірін жақсартуға, оқушылардың белсенділігін арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге үлкен әсер етеді.
Бірлікте жоспарлап, бірлікте атқарсақ — нәтижесі де жоғары болады! ✨
@aqtobe_bilim_bolimi
#мектеппарламенті #оқушыларбелсенділігі #жауапкершілік #біржолда #мақсаткерек


