Мектебімізде Қамқоршылар күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Жыл сайын қазан айының 29 – ында елімізде Қамқоршылар күні аталып өтеді. Бұл мереке – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірім мен жылулық сыйлап жүрген жандардың еңбегін бағалайтын ерекше күн. Баланың тәрбиелі, жан – жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі тату болуы үшін, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата – ананың ең маңызды міндеті.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ҚамқоршыларКүні #мейірім #отбасықұндылықтары #тәрбие #schoollife #дөңгелекүстел
