Бала тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата – ананың ең маңызды міндеті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ой – пікірлерін ортаға салып, бір – біріне ізгі тілектерін білдірді. Кездесу аясында қамқоршылармен еркін форматта сұхбат жүргізіліп, психологиялық – педагогикалық қолдау көрсетіліп, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер талқыланды. Мектебіміздің педагог – психологтарының кездесу барысында өткізген сергіту сәті қонақтарымыздың көңіл – күйлерін көтеріп, мектеп – бала – ата – ана үштігінің нығайуына үлесін қосты. Қамқоршы аналар көрсетілген ілтипат үшін мектеп әкімшілігіне шынайы алғыстарын айтты. @aqtobe_bilim_bolimi #балатәрбиесі
#қамқоршылық
#атаанақолдауы
#мектепжәнеқоғам
#руханиқұндылықтар
#жылулықжәнеқамқорлық








