Қайырымдылық акциясы – қоғамдағы мұқтаж жандарға, аз қамтылған отбасыларға немесе ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылатын қоғамдық маңызы бар іс-шара.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушылар мен мұғалімдер арасында адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық және өзара көмек сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қайырымдылық акциясы барысында қатысушылар:
• киім-кешек, оқу құралдары, азық-түлік сияқты қажетті заттарды жинап, мұқтаж адамдарға табыстайды;
• ерікті түрде көмек көрсетіп, ізгі істер атқарады;
• қоғамда игілікке бастайтын өнегелі әрекеттерге үн қосады.
Қайырымдылық акциялары оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамытуға, азаматтық белсенділігін арттыруға және салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған.
Осы орайда акция аясында мектебіміздің оқушыларына көмек көрсетіп, қол ұшын созған демеушілерге алғыс білдіреміз. @aqtobe_bilim_bolimi #мейірімділік #адамгершілік #қолұшынсоз #әлеуметтікжауапкершілік #жақсылықжаса #руханиқұндылық




