111 – Ұлттық сенім телефоны” туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде білім алушылар арасында «111 – Ұлттық сенім телефоны» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл қызмет – балалар мен жасөспірімдерге, ата-аналарға, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған кез келген адамға тәулік бойы тегін және құпия түрде психологиялық, құқықтық көмек көрсететін байланыс желісі.
Түсіндірме жұмысы барысында білім алушыларға:
111 нөмірінің маңызы мен мақсаты;
Қандай жағдайда хабарласуға болатыны;
Құпиялылық пен қолдау қағидаттары түсіндірілді.
Мақсат – балалардың өз құқықтарын білуіне, көмек сұраудан қорықпауына және сенімділік сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Мектеп психологтары: Н.Ж Курамысова, Г.М Маликова
#сенімтелефоны111 #психологиялыққолдау #мектеппсихологы #баламенжұмыс #эмоциялыққауіпсіздік #12мектеп #111callcenter
@jan_ahual_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_bilim_bolimi
