Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары
Мектеп психологтары оқушыларымызбен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның белгілері, қауіп төнген жағдайда не істеу керектігі және кімнен көмек сұрауға болатыны туралы маңызды ақпарат берілді.
Маман-психологтар балалардың қауіпсіздігін нығайту, өз құқықтарын білу және жауапкершілікпен әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған кеңестер мен ұсыныстар ұсынды.
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, қажетті түсінік пен қолдау алды.
Әрбір баланың қауіпсіздігі — біздің басты міндетіміз. Балаларымыз өзін мектепте де, қоғамда да қорғалған сезінуі тиіс. 💛
@aqtobe_bilim_bolimi
#зорлықзомбылыққақарсы #психологиялыққолдау #қауіпсізмектеп #оқушықауіпсіздігі #тәрбиежұмысы #балақорғау #мектепөмірі



