Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында арнайы бейнеролик түсірілді.
Бұл жұмысқа оқушылар белсенді қатысып, қоғамдағы адалдық пен әділдік құндылықтарының маңызын өз көзқарастарымен жеткізді. Бейнеролик барысында олар парасаттылық, жауапкершілік, ашықтық секілді қағидаларды насихаттап, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсерін түсіндіруге тырысты.
Осындай шығармашылық жобалар балалардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олардың белсенді әрі әділ қоғам құруға атсалысуына мүмкіндік береді.
Біз адалдықты басты құндылық ретінде ұстанатын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеміз.
@aqtobe_bilim_bolimi
#СыбайласЖемқорлыққаҚарсымыз
#АдалдықАлаңы
#Парасаттылық
#ЖемқорлықсызБолашақ
#ТазаҚоғам
#АдалҰрпақ
