Skip to content

«Жалпы ортақ Заң және Тәртіп күні» акциясы аясында мектебіміздің тарих…

«Жалпы ортақ Заң және Тәртіп күні» акциясы аясында мектебіміздің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Казманов Нұрлан Қуатович 10-сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өткізді.
Шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіптің маңыздылығы туралы терең ақпарат берілді.

Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, пікірталасқа белсенді қатысты. Мұғалім оқушыларға күнделікті өмірде құқықтық сауаттылықтың қажеттігін, әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Дөңгелек үстел оқушылардың құқықтық ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал еткен танымдық әрі тәрбиелік маңызы жоғары шара болды.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #ТәрбиелікШара #МектепӨмірі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *