Skip to content

Қауіпсіздік – басты назарда! Бүгін мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз…

Қауіпсіздік – басты назарда!
Бүгін мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп аумағында қосымша бақылау жүргізіп, оқушылардың кіріп-шығу сәттерін мұқият қадағалады. Әрбір оқушының сабаққа уақытылы келуі ғана емес, олардың мектепке қауіпсіз жағдайда енуі – біздің ең басты міндетіміздің бірі.
Мектеп табалдырығын аттаған әрбір бала – біздің жауапкершілігіміз. Осыған байланысты мектеп ауласында тәртіптің сақталуы, бөгде адамдардың кірмеуі, жол ережелерінің қатаң сақталуы және оқушылардың қауіпсіз қозғалысы арнайы назарға алынды.
Мұндай алдын алу шаралары оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасап, ата-аналардың да сенімін арттыра түседі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Қауіпсіз мектеп — жарқын болашақтың кепілі!
@aqtobe_bilim_bolimi
#Қауіпсіздік
#ОқушыҚауіпсіздігі
#МектепҚауіпсіздігі
#БастыНазарда
#БілімОрдасы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *