БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА
«Ас – адамның арқауы» тақырыбында қазақтың ұлттық тағамдарының құндалығы жөнінде кіші сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме барысында оқушыларға халқымыздың дәстүрлі тағамдарының мәні, құрамы, дайындалу жолдары және олардың адам денсаулығына пайдасы туралы кеңінен ақпарат берілді. Ұлттық тағамдарымыздың тек ас мәзірі ғана емес, рухани-мәдени мұра екендігі ерекше атап өтілді. Балалар қазақтың қымыз, шұбат, бауырсақ, құрт, ірімшік, ет тағамдары сияқты ұлттық ас түрлерімен танысып, олардың шығу тарихы туралы қызықты мәліметтер алды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрге деген құрмет сезімін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттау болды. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
@aqtobe_bilim_bolimi
#СЫБАҒААҚТӨБЕ2025
#АсАдамныңАрқауы
#СыбағаФестивалі
#ҰлттықҚұндылық
#СалтДәстүр
