Skip to content

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ…

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «СЫБАҒА» ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ФЕСТИВАЛЬ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША «Асық ату-мергендік мектебі» тақырыбында Мырзалин Жәнібек Бақтыбергенұлы практикалық көрсетілім өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға асық ойынының тарихын, оның тәрбиелік әрі спорттық маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру және балалардың ептілік, дәлдік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту болды.
Көрсетілім барысында қатысушылар асық атудың негізгі әдіс-тәсілдерімен, ойын ережелерімен және мергендікке баулитын қыр-сырларымен танысты. Мырзалин Жәнібек Бақтыбергенұлы асықты дұрыс таңдау, оны шеңберден шығару және нысанаға дәл тигізу тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, оқушыларға шеберлік сабағын өткізді.
Оқушылар белсенді қатысып, өзара жарыса отырып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын танытты. Бұл практикалық көрсетілім жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезім мен отаншылдық рухты қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
@aqtobe_bilim_bolimi
#Сыбаға #Ұлттықдәстүрлер #Асықату #Мергендікмектебі #Ұлттықойындар #Қазақтыңойындары #Руханиқазына #Мектепөмірі #Тәрбиелікмәні #Оқушыларбелсенділігі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *