Ақтөбе қаласы мектептерінде қыз балаларға арналған ағартушылық бағдарлама біздің оқу орнымызда да ұйымдастырылды. Бұл бастама оқушыларға жеке гигиена талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге, салауатты өмір салтын ұстануға және репродуктивті денсаулық жайлы дұрыс түсінік қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара барысында 6–7 сыныптың қыздарына тәжірибелі мамандар арнайы дәрістер өткізіп, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушыларға гигиеналық құралдары бар тегін сыйлық жиынтықтары таратылды. Мұндай маңызды шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғауға үлкен үлес қоспақ.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ОСФ #қыздарсаулығы #жекегигиена #салауаттыөмір #Ақтөбе #мектепөмірі


