Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және АӘД пәнінің мұғалімімен бірлесе отырып, 8–11 сынып ұлдарына арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, тәртіп сақтау, қоғамдағы мінез-құлық мәдениеті мен салауатты өмір салты туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың салдары, оның болашаққа әсері және одан сақтану жолдары нақты мысалдармен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын айтып, сұрақтар қойып, еркін пікір алмасты. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің саналы, заңға құрметпен қарайтын тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу
#ЖастарТәрбиесі
#ЗаңЖәнеТәртіп
