Бүгін мектебімізде «Ғасырлар үні: тарих және ерлік» атты Тарих және АӘжТД апталығының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиында оқушыларға халқымыздың бай тарихы, ел қорғаған батырлардың ерлігі, отансүйгіштік пен жауапкершілік құндылықтары кеңінен насихатталды. Білім алушылар тарихи деректермен танысып, патриоттық бағыттағы көріністер мен шығармашылық нөмірлерді тамашалады.
Апталық аясында ашық сабақтар, танымдық сайыстар, әскери-патриоттық іс-шаралар және түрлі көрмелер ұйымдастырылатын болады. Бұл шаралар оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелейді.
@aqtobe_bilim_bolimi
#Ғасырларүні #ТарихжәнеАӘжТД #Патриоттықтәрбие #Ерліктағылымы #Тарихсабағы #Отансүйгіштік #Мектепөмірі #Руханимұра
