Құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында мектебіміздің мұғалімдері кешкі уақыттарда бірқатар тәрбиелік шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, мектеп ауласындағы спорттық алаңда оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін әртүрлі қызықты спорттық ойындар мен жарыстар өткізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кешкі рейдтік жұмыстар жүргізілді. Бұл шара барысында мұғалімдер мен жауапты мамандар жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәртібіне назар аударып, түсіндірме әңгімелер өткізді.
Осындай жүйелі түрде ұйымдастырылған шаралар балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына және құқықтық сауаттылығының артуына оң ықпалын тигізуде. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы