Мектебіміздің жанынан ұйымдастырылған “Күншуақ” жазғы демалыс алаңы өз жұмысын аяқтап, “Достық” тобы үшін де көңілді күндерге толы маусым өз мәресіне жетті. Алаңның соңғы күнінде топ тәрбиешілері балалардың белсенділігі мен шығармашылығын ерекше атап өтіп, әр тәрбиеленушіні мақтау қағаздарымен марапаттады. Бұл – балалардың жаз бойы алған білімдері мен еңбектерінің нәтижесі, қуанышты сәттерінің көрінісі болды.
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін мектеп әкімшілігі барлық топ тәрбиеленушілеріне тәтті балмұздақ үлестіріп, алаңдағы соңғы күнді ерекше есте қалдырды. Көңілді күлкіге, ризашылыққа толы бұл күн балалардың жадында жарқын естелік болып қалары сөзсіз. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы