15 маусым – Әкелер күні қарсаңында мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңының тәрбиеленушісі Базарбай Батыр әкесіне деген ыстық ықыласын ерекше тәсілмен жеткізді. Ол өзінің әкесіне арналған жүрекжарды тілегін бейнебаян арқылы арнап, көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Бейнебаянда Батыр мен әкесінің бірге өткізген шуақты сәттері – саябақтағы серуен, үйдегі көңілді кештер мен әке мейіріміне толы естеліктер шебер өрнектелген. Әке мен баланың арасындағы сенім мен махаббатты бейнелеген бұл шағын туынды көрермендерді толқытпай қоймады.
Батырдың бейнебаяны – әкеге деген құрмет пен алғыстың шынайы үлгісі. Бұл бастама басқа балаларға да өнеге болып, отбасы құндылықтарының мәнін терең түсінуге жол ашары сөзсіз. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы #тәрбие