Жазғы алаңымыздың тәрбиеленушісі Курятникова Мария 15 маусым – «Әкелер күні» қарсаңында жүрек түкпіріндегі ерекше сезімін, әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі мен алғысын бейнебаян арқылы жеткізді. Әке – отбасының тірегі, баласының өміріндегі ең үлкен қорған екенін терең сезінген Марияның бейнежолдауы жан тебірентерлік мейірім мен шынайы ықыласқа толы болды. Бұл туынды – баланың әкесіне деген махаббатының шынайы көрінісі мен жүректен шыққан ризашылық үніне айналды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы #тәрбие
