Skip to content

Бүгін жазғы алаңымызда “Фиксики” тобы үшін ерекше әрі әсерлі күн…

Бүгін жазғы алаңымызда “Фиксики” тобы үшін ерекше әрі әсерлі күн болды. Күн тәртібі түрлі қызықты іс-шараларға толы болды. Таңертең балалар ойын алаңына шығып, белсенді спорттық ойындар ойнады. Олар шапшаңдықтарын, ептіліктерін танытып, командалық рухты сезінді.

Күннің екінші жартысында топта шығармашылыққа толы “Көлеңке театры” ұйымдастырылды. Балалар өз қиялдарымен ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, көрініс қойып, көрермендерді таңғалдырды. Театр қойылымы балалардың тапқырлығы мен шығармашылық қабілетін айқын көрсетті.

Сонымен қатар, балалар ән айтып, көтеріңкі көңіл күйде өнерлерін ортаға салды. Ән мен күлкіге толы бұл күн “Фиксики” тобы үшін ұмытылмас әсер сыйлады. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *