Skip to content

Бүгінгі күн ерекше көңілді өтті! Мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында…

Бүгінгі күн ерекше көңілді өтті!
Мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында “Достар” тобы 👒“Ең әдемі бас киім” атты байқау өткізді. Балалар өз қолдарымен түрлі-түсті, ерекше үлгідегі бас киімдер жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр бас киім бір-біріне ұқсамайтын, қиялға толы туынды болды. Байқау барысында күлкі мен шаттыққа толы сәттер көп болды. Қазылар алқасы ең ерекше, көз тартарлық бас киімдерді анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Бұл күн балалардың есінде ұзақ сақталады. Олар тек сайысқа қатысып қана қоймай, бір-бірімен достасып, жақсы көңіл күй сыйлады. Осындай қызықты іс-шаралар балалардың жазғы демалысын мәнді әрі есте қаларлық етуге септігін тигізеді. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *