Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше қуаныш пен шаттық орнады. Қонаққа «Алақай» қуыршақ театры келіп, балаларға арнап «Дана Табиғат» атты ғажайып ертегісін тарту етті.
⠀
🎭Ертегі табиғаттың сырын ұғындырып, балғын бүлдіршіндерді жақсылыққа, қамқорлыққа баулыды. Түрлі-түсті қуыршақтар мен әсерлі көріністер балалардың көңілін көтеріп, қиялын шарықтатты.
⠀
Кішкентай көрермендер күлкі мен қуанышқа бөленіп, әр кейіпкерге шын ықыласымен қол соқты. Ертегі соңында балалар табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңызын терең түсініп шықты.
⠀
«Алақай» театрына алғысымыз шексіз! Ертегі әлемі арқылы балалардың жүрегіне жылулық сыйлағаны үшін ризамыз. 💫#@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
