Skip to content

​Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2020-2021 жаңа оқу жылына…

​Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2020-2021 жаңа оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант тағайындалды. Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды. Маусым айында өткен комиссия отырысында қажетті мамандықтар, ал 4 тамызда өткен отырыста сол мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары анықталды.
​Келесі кезеңде грант иегерлері анықталатын болады.
​Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің өтініштері ағымдағы жылдың 16, 17, 18 тамызында республикалық гранттың қорытындысы белгілі болғаннан кейін ЖОО қабылдау комиссиясымен (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік мемлекеттік университеті) қабылданады. Талапкерлер виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы ЭЦҚ-сыз грантқа құжаттар тапсырады.
​Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің виртуалдық қабылдау комиссиясы:
​ZOOM конференция идентификаторы 524 345 1595, код: ZhU005.
Call-centre:​8-7132-543974, 87475183583, 87086287289, 87001291081., WhatsApp: 8 747 518 35 83
​Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (мектеп түлектері үшін):
– белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
– білімі туралы құжаты (төлнұсқа);
– ҰБТ, КТ сертификаттары;
– 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама (оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады);
– Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *