№12 орта мектебінде 8–11 сынып оқушыларына арналған «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
№3 емхананың гинекологы мектеп психологтары және медбикесімен бірлесіп, маңызды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырды. Оқушыларға ерте жыныстық қатынастың физиологиялық және психологиялық салдары, өз денсаулығына ұқыпты қараудың маңыздылығы мен саналы таңдау жасау қажеттігі туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында ақпараттық бейнероликтер мен презентациялар көрсетіліп, оқушылар тарапынан қызығушылық пен ашық сұрақтар туындады. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
#мектеп12 #жасөспірімдердіңденсаулығы #алдыналу #саналылық #мектеппсихологы #салауаттыөмірсалты