Skip to content

БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur…

БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе қолға алынған «Тұлпар мініп, ту алған» жыр байқауы Ақтөбе өңірі бойынша өз мәресіне жетті.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу.
Республика көлемінде ұйымдастырылған байқауға Ақтөбе облысы бойынша жалпы 1000-ға жуық оқушы қатысты. Олардың арасынан 40 оқушы қалалық және аудандық іріктеу кезеңдерінен іріктеліп алынды.

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық Академиясында өткен байқаудың облыстық кезеңінде 40 оқушы «Ер Едіге» жырын жатқа айтып, қосымша сұрақтарға жауап беріп өзара сайысты. Оқушылардың қабілеттерін қазылар алқасының мүшелері бағалап отырды.

Қазылар алқасы мүшесінде «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы, «Ер Едіге» қорының басшысы Ахат Мырзалин, «Ер Едіге» қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қайырқожа Елеусізов, «АҚТӨБЕ-ДАРЫН» өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының шығармашылықты дамыту және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Бисекова, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Қалдина болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Амира Сабитова, ІІ орынды Ойыл ауданындағы Сапақкөл орта мектебінің 8-сынып оқушысы Әсел Тоғызбаева, ІІІ орындарды Мәртөк ауданындағы №3 Мәртөк жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Гүлбану Алдамжарова және Шалқар ауданындағы Қалқар қалалық №8 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Эленора Шалқарбайқызы жеңіп алды.
Байқаудың жеңімпаздары мен ұстаздары арнайы «Дипломдармен» және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *