Skip to content

🎖️Ұлы Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің айқын көрінісі. Осыған…

🎖️Ұлы Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің айқын көрінісі. Осыған орай мектебіміздің 1 “В” сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге тыл ардагерлері Карпов Николай Степанович пен Карпова Лидия Григорьевнаға арнайы барып, құттықтау сөздерін жеткізді. Балалар ардагерлерге гүл шоқтарын табыстады. Кішкентай жүректерінен шыққан жылы лебіздер мен ризашылық сөздер ардагерлердің көңілін көтеріп, көздеріне қуаныш ұялатты.

Мұндай кездесулер – өскелең ұрпақтың өткенді ұмытпай, бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуіне үлкен сеп. Ардагерлеріміздің ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды! @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *